{metadescription}
Ким Чен Ын мен Дональд Трамп ақыры жеке жолығатын болды
Ким Чен Ын мен Дональд Трамп ақыры жеке жолығатын болды

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп ақыры жеке жолығатын болды

Бұған дейін бірін-бірі жақтырмайтынын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да, әлеуметтік желіде де ашық айтып жүрген президенттердің құшақ жая көрісетін күні алыс емес секілді.

Тарихи сәт маусым айының басына қарай жоспарлануда. Ал «кездесейік» деп ең бірінші Солтүстік Корея көшбасшысының өзі ниет білдіріпті. Трамп та «кет әрі» болмаған. Айта кету керек, бұған дейін ешбір АҚШ президенті Солтүстік Кореяның басшыларымен бет көріспеген. Күллі әлемнің назарын аударған Трамп пен Ким Чен Ынның алғашқы кездесуін АҚШ-тың су жаңа Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның өзі ұйымдастырып жүр. Мәліметтер бойынша, атышулы басқосу Сингапурде өтуі мүмкін. Қауіпсіздікке қатысты кездесудің бүге-шүгесі нақты айтылмай жатыр. Тек белгілісі сол, Трампен әңгімеден соң Ким Чен Ын ядролық әрі ракеталық сынақтарды біржолата доғаруға келіскен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде