Қостанай тұрғындары автобустағы ұрыны өлтіріп қоя жаздады
Жолаушының қалтасына түсіп жатқанда ұсталған оны автобустағылар оңдырмай сабаған. Бірақ қылығы әшкере болған бейбақты жігіттер аяған жоқ. Алдымен автобустың ішінде төпелеп, кейін далаға да сүйреп шықты. Аялдамаға қалт- құлт етіп шығарған соң да құлақ-шекеден бірнеше соққы тиді. Оқиғаны видеоға түсіргендердің айтуынша қалтаға қол салам деп ұсталған күдіктіні жолаушылар ақыры полицияға тапсырыпты. Алайда Қостанай облыстық ішкі істер департаментіндегілер бұл ақпараттың қаншалықты рас-өтірігін әлі тексеріп жатырмыз дейді.
Автор: Саят Сабдалы
10.05.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары