{metadescription}
Тікелей эфир: Ертаевтың ұсталуына қатысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады
Тікелей эфир: Ертаевтың ұсталуына қатысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады

Тікелей эфир: Ертаевтың ұсталуына қатысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады

Атышулы банкир Жомарт Ертаевтың Ресейде қамауға алынуына байланысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Тергеу мәліметтеріне қарағанда Ертаевқа алаяқтық жасап, 80 миллион долларды қалтаға басты деген айып тағылған. Бұған дейін де халықаралық іздеуде болған бизнесмен екі күн бұрын Мәскеуде қолға түскен еді.

- Әзірге Ішкі істер министрлігі банкирдің не үшін ұсталғанын ғана айтты. Өзге ақпаратты құзырлы орындар жария етпей отыр.

Айтуларынша, Ертаев тек «Альянс банкін» басқарып тұрған кезде ғана  былыққа батпаған екен. Кейін соңғы жұмыс орнының бірі - «RBK банкінде» лауазымды қызметте істегенде құйтұрқы жолмен миллиондарды ұрлаған болып шықты. Яғни, жеке фирмаларға лобби жасап, несие алып берген. Артынша көрсеткен қызметі үшін сол ақшаның бір бөлігін қалтаға басып отырыпты.

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

- Жомарт Ертаев "RBK Bank"-нің төраға кеңесшісі қызметін атқарғанда алаяқтық жасаған. Яғни, жалған серіктестіктерге 80 миллион доллар көлемінде қайтарымсыз несие алып беруге көмектескен. 

- Енді Ертаевты елге экстрадициялау жағы қалай болмақ?

-Бұл мәселе қазір шешіліп жатыр. Бірақ, Ертаевтың нақты қашан Қазақстанға жеткізілетіні белгісіз.

3 жыл іздеуде болған қашқын банкир интерполдың өтінішімен екі күн бұрын Мәскеудің дәл ортасында ұсталған болатын. Ол үшін Ресейдің арнайы жасағы жолды жауып, Ертаев мінген қымбат қара көлікті тоқтатып, қолына кісен салған. Қазір банкир сол жақта тергеу изоляторында отыр.

Атышулы Ертаевпен бірге оның көмекшісі, сенімді серігі Андрей Третьяковтың да ұсталғаны айтылған. Бірақ, бұл ақпаратты құзырлы орындар  әзірге растамады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде