{metadescription}
Алматыда 1 ай бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үйді кәріз суы басуда
Алматыда 1 ай бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үйді кәріз суы басуда

Алматыда 1 ай бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үйді кәріз суы басуда

Құбырлардан аққан қалдық су нысанның жертөлесіне тоқтаусыз сорғалап жатыр. Ал, әрең баспаналы болған халық жағымсыз иіске тұншыққандарын айтады. Ол аздай, қабырғалардан да су ағып, жиһаздары бүлініпті.

Бұл үйдің пайдалануға берілгеніне 1 айдан енді асты. Сәуірде кілт алып қуанған жұрттың қазір әбден құты қашқан. Әрең алған пәтерлері тым сапасыз  болып шыққанын мұндағылар жарыса айтады.

Жұмагелді Ақышев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Келген күннен бізде не ұйқы жоқ, не күлкі жоқ. Малшының қорасын алғандай болып отырмыз.

Халықтың бұлай қауіптенуі бекер емес.

-9 қабатты үйдің жертөлесі кәріз суына толған. Қазірдің өзінде оның деңгейі 15 сантиметрге дейін жетіпті. Ал, пәтерлерден ағызылған қалдық су әлі де осында құйылып жатыр. Оның жағымсыз иісіне тұрғындар тұншығуда.

Жертөленің кәріз суына көлкігені аздай, пәтердегі қабырғалардан да су сорғалапты. Сөйтіп, тұрғындардың су жаңа жиһаздары бүлінген. Жұрт үйдің кәріз жүйесі дұрыс салынбаған дейді. Құрылыста кеткен өзге де олқылық жетерлік. Мұнда ыстық су, табиғи газ да жоқ. Әрі кемшіліктерді жоюға ешкім құлықсыз.

Жұмагелді Ақышев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Құрылысты салған компания жауап бергісі келмейді. Бұл масқара ғой. Қашан бітеді бұндай жаупсыздық?

Құрылысшылар да, шенділер де жертөледегі тасқынға құбырлардың қоқыспен бітелуін себеп қылуда. Ал, үйдің мінсіз тұрғызылғанына сенімді.

Айдос Бекетаев, Түрксіб ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Оның ішінен неше түрлі қоқыстар шығады. Баклажка да шығады, бетон да шығады, тряпка да шығады. Одан кейін кәріз құбыры оған шыдамай, толып қайта-қайта бұзылып жатыр. Мемлекеттік экспертизадан өткен нысандар. Технодзор бар бәрі тексерген. Бәрі жоба бойынша дұрыс салынған.

Шенділер енді мәселені жіті бақылауға алмақ. Көп ұзамай бәрін ретке келтіреміз деп уәде етті. Ал, нәтиже болмаса, тұрғындар құрылыс компаниясын сотқа сүйрейміз деп бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде