{metadescription}
Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар Астанада тұрады
Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар Астанада тұрады

Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар Астанада тұрады

Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлердің тізімі жарияланды. Бірақ, бір қызығы көшті Астана да, Алматы да емес, Маңғыстау облысы бастап тұр. Мұндағы халықтың орташа айлығы 282 мың теңгеге тең. Қазақстанда бекітілген орташа жалақы көлемінен 1,5 есеге көп.

Атырау облысы екінші орында. Бір жылда жалақы 9,2 пайызға өсіп, 279 мың теңгеге жетті. Ал, Астана үштікке кіреді. Елордадағы ағайын 223 мың теңгені қанағат тұтады екен. Экономикалық тұрғыда елдің негізгі доноры саналатын Алматы қаласындағы жалақы 187 мың теңге көлемінде. Ит жылының алғашқы тоқсанын қорытқан сарапшылар, елдегі орташа жалақы көлемі былтырмен салыстырғанда 8,7 пайызға көбейді деген тоқтамға келді. Осылайша қазақстандықтардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құраған. Дегенмен, айлық пен инфляция арасында тепе-теңдік болмағандықтан жалақыны көтергеннен сеп жоқ дейді экономистер.

Меруерт Махмұтова, экономист:

- Жалпы ішкі өнім 2001 жылдан 2017 жылға дейін 15 есе өсті. Бірақ, табыс, жалақы дәл осы кезде 17 жылдың ішінде 8 есе ғана өсті. Жалпы ішкі өнімді алғанда табыс мөлшері 30 пайыздың ғана көлемі. Мысалы, көрші елдер Қытайды алсақ, Ресейді алсақ, оларда 47 пайыз. Тіпті, дамыған елді айтпайық, Мексиканы алсақ оларда 38 пайыз. Түркияда 33 пайыз. Сонда бізде ең төменгі деңгейде болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде