Трамптың мәлімдемесінен соң мұнай бағасы өсті
Ұлттық валютамыз нығайды. Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сауда қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 327 теңге 63 тиынға бағаланып отыр.
10.05.2018
Таңда ең жоғары көрсеткіш 329 теңгені құраса, ең төменгі курс 328,17 теңгеге дейін түскен еді. Ал, ақша айырбастау пунктерінде 1 АҚШ доллары 327,3-328,3 теңге аралығында сатылды. Сарапшылар бұған күн санап бәсі артқан мұнай бағасы себепкер дейді. Яғни, қазір қара алтынның баррелі 77,78 долларға тең. Айта кетейік, Дональд Трамптың Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығатыны жөніндегі мәлімдемесінен соң қара алтын құны күрт өсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары