{metadescription}
Жамбылда өзіне қол салған ревизордың  соңғы хатын әйелі оқып берді
Жамбылда өзіне қол салған ревизордың  соңғы хатын әйелі оқып берді

Жамбылда өзіне қол салған ревизордың соңғы хатын әйелі оқып берді

Жамбыл облысында Шу-Отар тасымалдау бөлімінің қауіпсіздік жөніндегі ревизоры өз үйінде асылып өлді. Марқұмның жақындары оның мұндай қадамға баруына полиция қызметкерлері кінәлі дейді. Сондай-ақ, 34 жастағы азамат өлерінің алдында хат жазып қалдырыпты. Онда не айтылған?

Шу ауданындағы Шоқпар ауылында бүтін бір әулет қара жамылды. Шу-Отар стансасының қауіпсіздік жөніндегі ревизоры Жайдар Дайрабаевтың қорада жіпке асылған өлі денесін туған бауыры алып шыққан.

- Сөйтіп есікті ашсам, алдымда тұр ғой ілініп. «Келін, қасымда тұрған пышақ әкел» дедім, кестік, жүріп кеткен.

Марқұмның жақындарын қимағаны жазбадан анық байқалады. Ол әйелі, балалары және туған-туыстарынан кешірім сұраған. 

Гүлбану Арпабекова, Ж.Дайрабаевтың әйелі:

-Бану, кешір мені. Мен шаршадым бұл өтірік өмірден. Мен кеткен соң қыз бен баланы өсіріп, жоқтатпашы мені. Бауырларымнан айырмашы оларды, мен сені сүйемін өмірбақи. Ал, қош бол, жаным, Бану.

Және осы қызыл сиямен жазылған хатта құзырлы орын айыптаған қылмысқа өзінің еш қатысы жоғын айтқан. Ал ұрлықты бір жедел уәкілдің жасағанын жеткізіпті.    

-Гүлбану Арпабекованың айтуынша, бұл қайғылы жағдайға ақпан айында теміржолда болған апаттың тікелей қатысы бар. Сол сәтте аударылған жүк пойызының 10-ға жуық вагонның доңғалақтары жоғалған екен. Қыруар қаржы тұратын темір- терсектің ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ оның нәтижесі белгісіз.

Арада екі ай өткенде Астанадан жедел уәкілдер келіп, Жайдарды 4 сағат бойы ауыл шетіне шығарып, қыспаққа алған. Гүлбанудың сөзінше, олар күйеуіне қылмысты мойныңа ал немесе 4 млн теңге тауып бер деген. Ал 34 жастағы азамат полицейлерден құтылудың басқа жолын таңдапты. Бірақ ол өзіне қол салмас бұрын әйеліне басынан өткен жайтты айтып берген.

Гүлбану Арпабекова, Ж.Дайрабаевтың әйелі:

- Полицейлердің өздері құртып, енді кінәлі адам таппай маған жауып жатыр . Қорқытып, ақшасын айтқан.  Прокуратура бізге рұқсат берсе, бір-екі күнде шақырып аламыз, қаматамыз деген.

Суицид жасаған азамат, жер қойнына тапсырылды. Оның артында екі баласы мен жары қалды. Қара жамылған отбасы бұл істі жай қалдырмақ емес. Олар прокуратураға арыз түсіріп, кінәлілерді ең ауыр жазаға тартқызбақ.  Ал Астанадан арнайы келген жедел уәкілдердің толық аты-жөндері мен нақты қай жерде қызмет ететіні де белгісіз. Шу аудандық желілік полиция бөліміндегілердің қайғылы оқиғадан хабары болғанымен, бас қаладан келген полицейлерді танымаймыз дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде