{metadescription}
Петропавлда қылқан жапырақты ағаш отырғызуға 22 миллион теңге бөлініпті
Петропавлда қылқан жапырақты ағаш отырғызуға 22 миллион теңге бөлініпті

Петропавлда қылқан жапырақты ағаш отырғызуға 22 миллион теңге бөлініпті

Петропавлды көгалдандыру ісі қалалықтардың пікірін екіге жарды. Бірі талай жыл тұрған ескі ағаштарды сақтап қалайық деп, тіпті сол үшін ғаламторда қол жинауға көшсе, екіншілері, керісінше, қаланың сәнін кетіріп тұрған талдар кесілсін деп отыр. Соңғыларының айтуынша, олар көктем келсе мамығын жан-жаққа ұшыратын теректерден мезі болып ауру тапқан. Ал атқамінерлер барлық істің қаланы көгалдандыру бағдарламасына сай атқарылып жатқанын айтады. 

 Қаладағы ескі қайың мен теректерді кесіп, орнына қылқан жапырақтыларды отырғызу науқаны қалада былтыр басталған еді. Алайда өткен жылы бұл іске қаржы аз бөлінгендіктен, тек бірнеше көшеге ғана ағаштар егіліпті. Сол кезде де жұрт батпақты жерді жерсінбей сарғайып кеткен шыршаларға қатысты ғаламторда пікір білдірген. Ал биылғы жұмыс былтырғыға  қарағанда әлдеқайда ауқымды.

Осы айдың соңына дейін қаланың коммуналдық шарушалығы барлығы алты  мыңға жуық қылқан жапырақты ағаштардың көшетін екпекші. Сондай- ақ,  жолда тұрған бұл ағаштарды шаң мен кір баспас үшін олардың алдына 35 мың метр мынадай бұталар қоса отырғызылатын болады.

Орталық көшелердегі талай жылдан бері жайқалып тұрған ағаштардың жаппай оталып жатқанына қарсы болған жұрт ғаламторда үндеу тастап, қол жинай бастаған. Қазір бұл құжатқа қанша адамның қол қойғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Наталья Путилова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Былтыр шыршаларды отырғызып еді, көбі сарғайып, қурап кетті. Жерсінгендерінің өзі кір-кір болып тұрды емес пе? Шырша жол шетіне отырғызылатын ағаш емес деп есептеймін. Қайың мен теректің көлеңкесі бар, қылқан жапырақты ағаштан не пайда?  

 Ал бұл пікірге қарсы тұрғындардың айтуынша, өткен ғасырдың ортасында отырғызылған ескі ағаштарды  тамырымен қопаратын кез жеткен. Оның үстіне, шаһар батпақты жерде тұрғандықтан кезінде оны кептіру үшін отырғызылған теректен жұрт мезі болыпты.

Николай Слесарь, Петропавл қаласының тұрғыны: 

- Теректің мамығы шаршатты.  Менің үйімнің жанынан жазда жүру мүмкін емес. Аллергиям бар, тұншығып қаламын. Ал әлеуметтік желідегілер еріккен ғой. Жай отырмай жұртты дүрліктіруде. Оларға алаңдап игі істі доғаруға болмайды.
Шенеуніктер болса, қаланы көгалдандыру ісіарнайы бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр дейді. Барлық жұмыс биолог және экологтармен келісілген. Оның үстіне атқамінерлер бұл іске барынша аз ақша жұмсауға тырысқанын айтады.

Дулат Шарапетдинов,  Петропавл қалалық ТКШ  бөлімі басшысының орынбасары: 

- Көшеттерді әр жерден қазып әкеліп жатырмыз. Көбі жұрттың тастап кеткен саяжайларынан, орманды алқаптардан  алынды. Қылқан жапырақтылардың көшеттерін ғана арнайы орыннан ақшаға сатып алдық. Оған 6 миллион теңге жұмсадық.

Ал сол қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жұмысына  22 миллион теңге бөлініпті. Қала билігі шаһарда бар-жоғы 74 ағаш қана кесілді  және оған дүрлігудің еш қажеті жоқ деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде