{metadescription}
«Бала дауысы» балалар ән байқауының финалистері анықталды
«Бала дауысы» балалар ән байқауының финалистері анықталды

«Бала дауысы» балалар ән байқауының финалистері анықталды

Музыкалық жобаға қатысуға 14 облыстан 80-ге жуық жеткіншек келген. Десе де,  оның тек он тоғызы ғана  «Бала дауысына» қатыса алады. Теңдесіз жобаны Астанамыздың 20 жылдығына арнап, «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып отыр. Тұңғыш Президент қоры да қолдау көрсеткен.

Бүгін оқушылар сарайы жас өнерпаздардан аяқ алып жүргісіз. Әуесқой әншілер қобалжулы. Өйткені тіс қаққан мамандардың сынынан өту оларға оңайға соқпайды. Жан-жақтан жаңғырған шудан құлақ тұнады. Кейбірі айнаға қарап дайындықтарын пысықтап та жатты. Биылғы байқауға 4000-ға жуық қатысушы онлайн түрде өтінім жіберіпті. Бұл байқау басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш дейді ұйымдастырушылар.

Толғанай Қасен , Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының ұйымдастырушысы:

-Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауы осымен үшінші маусымның жұмысын бастап жатыр.  Бүгінгі жанды тыңдалымның қорытындысына байланысты он сегіз бала таңдалынады. Алматы,Астана қаласынан екі бала...Облыстардан бір-бір финалистер таңдалынып ақтық мәреге жолдама алады.

Байқаудың ақтық сынына жолдама алған талантты балаларды белгілі әнші-сазгерлер таңдады. Кәсіби төрешілер қатарында Майра Мұхамедқызы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Әсет Арыстанбек сынды өнер майталмандары бар. Сөйтіп, жанды дауыстағы тыңдалым қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандар анықталды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстандық Мәулен Ахметқалиев та бар.

Мәулен Ахметқалиев, қатысушы:

-Мен , «Лебединая верность» , «Мақсат-бақыт» әндерін орындадым.  Бала дауысы ұлттық балалар жобасына рахмет айтамын. Осылай балаларға танымал болуға көмектеседі.

Қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Шабыттанған жас өнерпаздар енді алдағы супер-финалға дайындалмақ. Ал жеңімпаз 8-желтоқсанда Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін финалдық бәсекеде анықталмақ. Ән байқауының барысын 27-қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК арнасынан тамашалауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде