АҚШ Иранға тағы да санкция салды
Бұл жолы Иранның 6 азаматы қара тізімге ілікті. Американың қаржы министрлігінің айтуынша, олар Ислам төңкерісін қорғаушы корпусты қаржыландырады-мыс. Сонымен қатар, қаржы операцияларымен айналысатын ирандық үш компанияның да енді Америкаға жолы жабылды. Министр Стивен Мнучин олардың Біріккен араб әмірліктері арқылы жүз миллиондаған долларды өздеріне аударып алғандарына сенімді. Сондықтан қаржы айналымының жолын кеспек. Айта кетейік, Ислам төңкерісін қорғаушы корпус 1979 жылы құрылған. Иран-Ирак арасындағы соғысқа қатысқан. Қазір Сирия шебінде белсенді жұмыс істеп жатыр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.05.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары