Бір бөлмелі пәтер іздеген Петропавл әкімдігі үлкен дауға қалды
Халық есебінен қымбат баспанада тұрмақ! Петропавл қалалық әкімдігі құны 33 миллион теңге тұратын бір бөлмелі пәтер сатып алуға конкурс жариялады. Ал шаһардағы мұндай баспананың орташа құны 5 миллион теңгеден аспайды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
11.05.2018
Бұл хабарландыруды қалалық әкімдік мемлекеттік сатып алуға қатысты сайтқа жариялапты. Талап бойынша бір бөлмелі пәтердің құны 33 миллион теңгеден аспауы тиіс және ол мамыр айының 17-сіне дейін сатып алынуы керек екен. Құны нарықтағы бағадан алты есе қымбат баспананы шенеуніктер өздеріне қызметтік пәтер ретінде қолданбақшы. Бірақ мұндай үйде кімнің тұруы тиіс болғанын олар ашып айтпады. Тек талаптарына қарап, шалқып өмір сүргісі келетін шенеунік екенін аңғаруға болады.
Сәния Исмаилова, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
-Петропавл қаласының әкімдігі расымен де осындай хабарландыру жариялады. Пәтерге күрделі жөндеу жасалған және ол толығымен жиһазбен жабдықталған болуы тиіс. Аумағы 80 шаршы метрден кем болмауыкерек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!