{metadescription}
Шымкентте ең қымбат мейрамхана  отқа оранды
Шымкентте ең қымбат мейрамхана  отқа оранды

Шымкентте ең қымбат мейрамхана отқа оранды

Қызыл жалын тек қалталылар ғана жалдап жүрген ғимараттың әп-сәтте күл-талқанын шығарды.

Мейрамхана ішінде екі адам тірідей өртене жаздапты. Оларды құтқарушылар дер кезінде алып шыққан. Өрт себебі әзірге белгісіз. Тек таңдаулылар ғана той-томалағын өткізіп жүрген кешен тез жанғыш құрылыс материалдарынан тұрғызылса керек, оқиға орнына өрт сөндірушілердің тездетіп жеткеніне қарамастан, тойхана лезде өртеніп кетті. Жалын тез арада тарап, қала орталығын қара түтін басып қалды. Мейрамхана жанында облыстық әкімдікке қарасты бірнеше басқарма орналасқан екен. Қызыл жалын бұл ғимаратты да шарпыған. Қазір шығын көлемі есептелініп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде