Елімізде Ми-8 ұшақтары құрастырылатын болды
Тек әскери ғана емес, азаматтық қорғаныс саласында да жиі қолданылатын ұшақтың бұл түрін құрастыру биылдан бастап қолға алынбақ.
Автор: Ербол Тұрымбет
14.05.2018
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Біз Алматы авиажөндеу зауытында Ми-8 ұшақтарын құрастыруды бастайын деп отырмыз. Биыл соның бірінші кезеңіне кірісеміз. Ол тек қорғаныс қана емес, ауыл шаруашылығы саласында да өте қажет техника екенін көрсеткен ұшақ.
Салмағы 4 тоннаға дейін жететін бұл тікұшақтар өзінің әсіресе өрт сөндіру шаралары кезінде ерекше тиімді техника болып табылады. Сондай-ақ, ішіне 26 адамды сыйдыра алады. Одан бөлек, биыл 10 әскери ұшаққа жөндеу жүргізілгелі отыр. Мұндағы басты мәселе, жөндеу жұмыстарының тек 30 пайызы ғана өзімізде жүргізіледі. Қалған бөлігі шетелдерде жасалады. Ал оған кететін қыруар қаржының көлемін министр мемлекеттік құпия деп айтпай отыр. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ендігі міндеті – сол әскери техникаларды жөндеу жұмыстарының басым бөлігін өз елімізде жасау. Бірақ, құрылғанына бір жарым жыл болған министрлік аз уақыт ішінде үлгере алмай жатырмыз дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!