{metadescription}
Тікелей эфир: Сирия келіссөздеріне АҚШ қатысудан бас тартты
Тікелей эфир: Сирия келіссөздеріне АҚШ қатысудан бас тартты

Тікелей эфир: Сирия келіссөздеріне АҚШ қатысудан бас тартты

Сирия бойынша кезекті келіссөз тығырыққа тірелуі мүмкін. Өйткені АҚШ делегациясы Елордаға келмей қалды. Ал Астана процессінің  9-шы раунды екі күнге жалғасады. Яғни, қатысушылар бүгін және ертең Сириядағы соғысты тоқтату бойынша өзара кеңеседі.

-АҚШ тарапының Астана процессіне қатыспауының себебі белгілі ме?

Ресми Вашингтон бұл тосын әрекетін әзірге түсіндірген жоқ. Тіпті  бақылаушы ретінде тұрақты қатысып жүрген Қазақстандағы елшілері  Джордж Кролды да жібермеген. Ал бұған дейін Ақ үйдің Иран келісімінен шыққанын ескерсек, дәл осындай жағдай Сирия мәселесіне қатысты қайталануы мүмкін деген болжамдар айтыла бастады. Аяқасты айнып қалған

құрама Штаттардың не ойлағаны барын ешкім білмей отыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-АҚШ-қа байланысты менің айтатыным, АҚШ делегациясы осы Сирия бойынша Астанадағы келіссөздерге қатыспайды. Бұл ақпрарат бізге жетті. Қосымша ақпарат қазір жоқ.

Наурызда өткен кездесуде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның бөлінгенін қалайтындар Астана процессіне қатысқысы келмейді деген мәлімдеме жасаған еді. Тіпті, АҚШ-ты лаңкестерге қарсы әрекетсіз отыр деген ойын айтып қалған. Яғни, Лавровтың айтуынша,  Америка Шығыс Гутедегі экстремистерді қолдап отыр және Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіруде. Оның үстіне бір ай бұрын АҚШ бастаған, Ұлыбритания мен Франция қостаған одақтастар Сирияға соққы берген болатын. Дегенмен АҚШ делегациясының бүгінгі келіссөзге келмей қалуына бұл жағдайлардың қатысы бары-жоғы белгісіз.

Әзірге процесске қатысушылардың нақты қандай сұрақ төңірегінде кеңесіп жатқаны бізге беймәлім. Себебі, келіссөздің алғашқы отырысы жабық есік жағдайда өтуде. Жиынға тілшілер қатыспайды және ешкім сұқбат бермеді. Негізі, бүгін кепіл беруші елдер екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Ал Астана процессінің 9-раундына бақылаушы ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистура бастаған топ пен Иордания делегациясы келген. Кепіл беруші елдер – Ресей,Түркия,  Иран Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция да түгел қатысуда. 

Барлық тараптың  қатысуымен жалпы отырыс ертең өтеді. Жалпы,

бір жылдық келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қанды қырғын болып жатқан аймақтардағы әскери тұтқындарды алмасу, із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздеу және қаза тапқандардың денесін қайтару туралы келісімге қол жеткізгенін айта кетейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде