{metadescription}
ШҚО-да тұрғындарды алалайтын шенеуніктер дауға қалды
ШҚО-да тұрғындарды алалайтын шенеуніктер дауға қалды

ШҚО-да тұрғындарды алалайтын шенеуніктер дауға қалды

Ақтарушы билік елді алалаған ба? Шығыс Қазақстан облысындағы шағын ауылдың жұрты «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын теңдей көре алмай отыр. Өйткені жергілікті шенеуніктер жоба аясында тұрғындардың бір бөлігіне су құбырын жүргізіп беріп, өзгелерін ұмыт қалдырған. Тоқалдан туғандай күй кешкен көпшілік енді амалсыз, лай судан ішуге мәжбүр.

4 жыл бұрын Ұлан ауылына мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыз су тарту жұмысы қолға алынған. Бірақ елдің айтуынша, жоба белгісіз себептермен жарым жолда тоқтап, тұрғындарға тегіс тіршілік нәрі жеткізілмеген. Содан бері 35 түтін өгейдің күйін кешіп жүр. Ал атқарушы билік «жағдайдан шығу жолы» деп, оларға ауылдың екі шетінен екі баспа құдық қазып беріп, содан бері хат-хабарсыз кеткен.

Жанар Бейсенбай, Ұлан ауылының тұрғыны:

-Екі шақырым жерден су сүйреп тасып жүрміз. Қыста боранда да. Екі сағат ашылады да, одан кейін жабылады.

Осы баспа құдықтан су алғандары үшін әр түтін басы 600 теңгеден төлейді. Жұрт соның өзіне шүкір деп отыр. Алайда,бұл тіршілік нәрінің өзі уақытпен беріледі. Яғни, күніне небәрі екі сағат қана. Тіпті кей кездері ол да жоқ.

Судан әбден таршылық көрген елге моншаға түсу де арман. Одан бөлек осы тіршілік нәрінің тапшылығынан кәсіпкерлердің бизнесі ақсап жатыр. Мәселен, ауылда нәубайхана ашқан Ардақ Марзагалива небәрі үш айда кәсібін қайта тоқтатуға мәжбүр болған.

Ардақ Мырзағалиева, Ұлан ауылының тұрғыны:

-СЭС бізге тасымал сумен жұмыс істеуге болмайды деп жауып тастады. Енді ары қарай қалай жұмыс істерімізді білмеймін. Кім бізге көмек береді оны тағы білмейміз. Ешкім бізге көмек бергісі бермейді.

Жұрттың жарымына ғана су құбырының тартылуын аудандық әкімдік түсіндіріп бере алмады. Оның үстіне одан бері бірнеше әкім ауысқан көрінеді. Сондықтан жауапкершілікті мойына алатын шендіні табу қиын. 

Естай Рахымбаев, Ұлан аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

-Бұл мәселені тек аудан әкімі шеше алады. Мүмкін біз су құбырына қатысты бюджеттік тапсырысты қайта беретін шығармыз. Оң шешімін тауып қалады деген үміттеміз.

Шенеунік бұл мәселені аудан әкіміне жеткізуге уәде етті. Ал, әзірге тұрғындарға шыдай тұрудан басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде