{metadescription}
Бас мүфти Оразаға қатысты мәлімдеме жасады
Бас мүфти Оразаға қатысты мәлімдеме жасады

Бас мүфти Оразаға қатысты мәлімдеме жасады

Күллі мұсылман асыға күткен қасиетті Рамазан айының басталу күні өзгерді. Ораза тұтатын жамағат мамырдың 16-ы кешке ниет етіп, 17-і таңсәріде ауыз бекітуі тиіс. Бүгін Діни басқарма осындай ресми мәлімдеме жасады.

Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалады. Ғылыми деректерге сәйкес, биыл жаңа ай 16 мамыр күні туады екен. Демек, жаңа ай көрінгеннен кейін келесі күні мұсылман қауымы ораза ұстайды. Осыған орай, дінбасылар мен ғалымдар ақылдаса келе, ауыз бекіту уақытын бір күнге шегерді. Қазірден бастап еліміздегі Алла үйлерінде оразаның сауабы мен оны ұстаудың тәртіптері түсіндіріліп жатыр. Бес парыздың біріне жататын оразаны өтеген адамның шексіз мейірімге бөленері хақ. Ауыз бекіткендер тамақ пен судан бас тартып қана қоймай, тілі мен көзін тыяды.Жаман әдеттерден ада болуы тиіс. Құран түскен қасиетті айда тозақ есіктері жабылып, құлшылық қылған қауымның тілектері қабыл болады. Ал маусымның 11-нен 12-не қараған түні күллі мұсылман кірпік ілмей, мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады. Ал 15-ші маусым күні ауыз бекіткен ағайын туған-туысты аралап, Ораза-айтты тойлайды. Биыл пітір-садақа жан басына 300 теңге деп бекітілген. 29 күнге созылатын қасиетті ай 14 маусымда аяқталады. Сауап еселеп жазылатын ұлық айда бас муфти халықты қайырымдылық іс-шараларға ат салысуға шақырды.

Серікбай қажы ОРАЗ Бас мүфти:

-Рамазан айының құрметіне! Қолдарынан қандай мүмкіндік келеді. Азық-түлік яки болмаса басқа да тауарлардың бағасын төмендетуге, мұң-мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамын. Қамқорлығымызға мұқтаж болған адамдарға көмектесуге үндейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде