{metadescription}
Елімізде батуттардың жұмысын реттейтін заң жоқ
Елімізде батуттардың жұмысын реттейтін заң жоқ

Елімізде батуттардың жұмысын реттейтін заң жоқ

Оның қауіпсіздігіне құтқарушылар жауап бермейді, полицейлер де ат-тондарын ала қашты. Бұл ойын алаңдарының техникалық жарамдылығын Инвестициялар және даму министрлігі тексеруі тиіс екен.

Заңдағы осындай олқылықты мамыр айының төртіндегі төтенше оқиға әшкерелеп берді. Сауда орталығының ауласындағы батут қатты желден  аударылып, 5 бала ауруханаға түскен еді. Жараланған кішкентайлардың бірі  жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл сұмдық жәйттен соң батут иесіне қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Енді кәсіпкерге 12 миллион теңге айыппұл салынып  немесе 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Шенеуніктер оқиғаға батут қожайыны мен оған жерді жалға берген сауда орталығы жауап беруі тиіс екенін айтады. Ал құтқарушылар соңғы кезде балалардың  терезеден құлап,суға батып оқиғаларының жиелеп  кеткеніне алаңдап отыр.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

-Әр баланың соңына бір-бір құтқарушы қоя алмаймыз. Бірінші кезекте балаға ата-ана  жауапты болуы тиіс. Шомылу маусымы да басталып келеді. Кеше Алматы обласында төрт жастағы  екі бала каналға  түсіп кетіп қайтыс болды. Сондықтан, кішкентайларыңызға ие болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде