Жамбылда шегетін есірткісі қанша салмақта болса да ылғи өзімен бірге арқалап жүретін азамат ұсталды
Қолға түскен 39 жастағы Шу қаласы тұрғынының көлігін тінту кезінде машинаның астынғы қиын бөлігіне жасырылған 15 жарым келі гашиш тәркіленген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.05.2018
Күдікті біраз уақыттан бері полицейлердің бақылауында болыпты. Ақыры ұсталып тынған Шу қаласының тұрғыны көлігіне мұқият жасырылған есірткіні өзінікі екенін және оны тек өзі ғана шегетінін ашық айтқан. Яғни сөзіне сенсек, ол қажетті мөлшердегі гашишті шетінен алып қолданып жүрген. Алайда құзырлы орын өкілдерін балаша алдағысы келген оның бұл уәжіне сену қиын. Дегенмен, күдікті мұнысына тәртіп сақшыларын иландырған тәрізді. Өйткені 39 жастағы азаматтың үстінен тек есірткіні әзірлегені және сақтағаны үшін іс қозғалды. Енді ол 3 жылдан 7 жылға дейін бостандығынан айырылу ы мүмкін. Ал 15 жарым келі гашиштің қара нарықтағы құны – 15 мың доллар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!