Ақтөбе облыстық әкімдігіне көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты
Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының есігін быт-шытын шығарған тұрғын он күн бойы абақтыда отыратын болды. 53 жастағы кәсіпкер Бауыржан Анапинге сот бұзақылық жасағаны үшін осындай әкімшілік жаза тағайындады.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.05.2018
Nissan Patrolды тізгіндеген оның бұл қылығына жұрт таң қалып отыр. Өйткені, әкімдік алдындағы тас баспалдақтан көлікпен көтерілуге кез келген жүргізушінің әлі келмейді. Полицейлердің айтуынша, құрылыс саласында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен сол күні мас болыпты. Абырой болғанда әкімдік есігінің алдында ешкім болмаған. Ең қызығы кәсіпкер әкімдікте балағат сөз айқаны үшін ғана жазаға тартылып отыр. Ал көлікті арақ ішіп айдағаны жайлы соттағылар тіс жармайды. Бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін Бауыржан Анапиннің үстінен қозғалған істің сотқа жету жетпеуі де белгісіз. Себебі облыстық әкімдіктегілер ол қиратқан есіктің құнын айта алмай отыр. Әйтеуір, сол бойда басқа ағаш есік орнатып үлгерген.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Автокөлікті 53 жастағы тұрғын басқарған. Бұрын ол әкімшілік жазаға тартылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!