{metadescription}
Оралда бұрынғы әйелінің отбасына шабуыл жасаған азамат тұтқындалды
Оралда бұрынғы әйелінің отбасына шабуыл жасаған азамат тұтқындалды

Оралда бұрынғы әйелінің отбасына шабуыл жасаған азамат тұтқындалды

Енді 38 жастағы Рүстем Дәулетшин тергеу амалдары біткенше 2 ай бойы абақтыда отырмақ.

-Бұл жерде бір-ақ нәрсе айта аламын. Кісі өлтірілгені анық. Екінші адамды да өлтіруге оқталған. Бірақ оған нақты қандай айып тағылатыны тергеу арқылы мәлім болады.

Күдіктінің адвокаты Таттолий Мырзалиевтің айтуынша, оны кепілақымен бостандыққа шығару туралы тіпті сөз де болмаған. Өйткені жасаған қылмысы ауыр саналады. Сондықтан ол тергеу абақтысында қала бермек. Ал Рүстем ауыр жаралаған қайынатасы әлі де хал үстінде жатыр. Айта кетейік, оны 10-шы мамыр күні тентек күйеу баласы аңшы мылтығымен атып салған еді. Ал, қайыненесі тиген оқтан оқиға орнында жан тапсырған. Осы қанды оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтың жұбайынан жуықта ажырасқаны белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде