{metadescription}
Алматыда құйып жауған жаңбыр жүргізушілерді шығынға батырды
Алматыда құйып жауған жаңбыр жүргізушілерді шығынға батырды

Алматыда құйып жауған жаңбыр жүргізушілерді шығынға батырды

Толассыз жауын қаланың өзіндегі тіршілікті де тағы тұралатты.

Әдеттегідей арық жүйелерінің аузы-мұрны қоқысқа толып жатуынан жаңбыр суы көшелерге лап қойған. Салдарынан, қала ішін су басып, тұрғындар аяқ алып жүре алмай қалды.Көліктерімен су кешкен жүргізушілер де біраз шығынданатын түрі бар.

Жауын жауса, Алматының көлге айналатын жағдайы тағы қайталанды. Таңатпастан тұрғындар қоршаудан секіріп, енді бірі балағымен су кешіп жұмысқа барды. Жаңбыр суы, әсіресе, жүргізушілердің жүйкесіне тиіп біткен. Ал мына жүргізушінің біреуге кінә артуға да шамасы жоқ. Өйткені, көшемен жүзіп жүргенде мемлекеттік нөмірін жоғалтып алған.  

Дидар Жантасов, Алматы қаласы тұрғыны:

- Енді көшеге қалай шығам?

Тілек Алпысбаев та бірнеше сағат бойы көл ішінде көлік нөмірін іздеп жүр. Көмек сұрап хабарласқан оны төтенше жағдай қызметкерлері күлкіге айналдырып, су кепкенше күте тұр депті.   

Тілек Алпысбаев, Алматы қаласы тұрғыны:

- Екі сағат болды нөмерді таппай жатырмын. Су қашан кетеді, сол кезде тауып аласың нөмеріңді» дейді. Полицияға хабарлассам «нөмерді қалыпқа етіңдер» дейді.

Су кешкен көпшілікті күлкіге айналдырған құтқарушылар көп кешікпей түсініктеме берді. Айтуларынша, көшелерді су басуына табиғаттың емес, арықтардың тазаланбауы себеп.   

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары: 

- Өзендер тұрмыстық қоқыстармен толып қалды. Сол себептен, қаланың төменгі жақтары болған жауынға төтеп бере алмады.       

Яғни, қаладағы арықтардың аузы-мұрны қоқысқа бітеліп қалған. Салдарынан су сыртқа жайылыпты. Жалпы, жауынның алдын алуға Алматыға жылда миллиардтап ақша бөлінеді. Биылдың өзінде 7,5 миллард теңге берілген. Онысы былтырғыдан бір жарым есе көп. Бірақ, миллиардтарға қарамастан халық қашанғыдай малмандай су болып жатыр.  Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді. Мамандар осы апта аяғына дейін жауын-шашын болады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде