{metadescription}
Алматы облысында селге байланысты жолдар жабылып жатыр
Алматы облысында селге байланысты жолдар жабылып жатыр

Алматы облысында селге байланысты жолдар жабылып жатыр

Алматы облысында сел жүрді. Таудан аққан лай Ақсай шатқалындағы жолды жауып тастады. Құдай сақтап, табиғат апатынан зардап шеккен адам жоқ. Десе де, лай көшкіні орманшылар үйін басуға сәл қалыпты.

Нөсер жауыннан соң, Қызылжар өзеніндегі су деңгейі көтеріліпті. Соның салдарынан жүрген селдің көлемі 800 текше метрді құрап отыр. Қазір айтпай келген апат орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Ауа райы бүгін төтенше жағдай қызметкерлерін әбден сергелдеңге салды. Өйткені, Талғар ауданында да көшкін жүрген. Тау шатқалынан сырғыған лай мұнда да жергілікті маңызы бар жолды жауып қалды. Оны тазалау жұмыстары ертең басталмақ. Жағдайды бақылауда ұстау үшін аумақта кезекшілік ұйымдастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде