Алматыда жаңадан салынған көпқабатты нысандар сейсмологиялық тексеруден өтулері керек.
Бүгін Қазақ құрылыс сәулет және жобалау институты жасанды 9 балдық жер сілкінісін ұйымдастырып, бірқатар ғимараттардың зілзалаға шыдамдылығын тексерді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
15.05.2018
Жасанды жер дүмпуі арнайы құрылғылардың көмегімен жүзеге асты. Бес минуттық жер сілкінісінен ғимарат қамыстай теңселгенімен ештеңе бүліне қоймады. Керісінше, құрылыс құрылымдары шыдас берді. Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі ғимараттарға дәл осылай әсер етеді. Осы сынақ арқылы көпқабатты нысандардың сыртын қаптайтын материалдар күшті зілзалаға қаншалықты төтеп беретіні анықталды. Негізінен жаңадан салынған көпқабатты нысандарды құрылыс компаниялары сейсмологиялық сынақтан өтуге құлықсыз екен. Мамандар қазіргі таңда осы сынды тексеру жүргізбей, құрылыс нарығына енетін компаниялар артқанын жеткізді. Ол өз кезегінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.
Ералы ШОҚПАРОВ Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры:
-Былтырдан бері мұндай сынақтар мүлдем өткізілген жоқ. Соңғы рет тоғызқабатты ғимараттар 2015 жылы сынақтан өткен. Қазір жоқ десем де болады. Айта кетейін, сынақтан өткен компанияның қолында 9-10 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады деген құжат болады. Ол керек құжат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!