Түркия президенті АҚШ пен Израильдағы елшілерін кері шақыру жөнінде шешім қабылдады
Режеп Ердоған бұл қадамын Газа секторындағы қайғылы жағдаймен байланысты екенін жеткізді. Америка тарапы елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыруына қатысты Газа секторында толқулар басталған болатын. Бірақ, Изариль әскері қарсылық акциясына қатысушыларға оқ жаудырып, 59 палестиналық қаза тапты. 3 мыңға жуық адам зардап шеккен. Ал, Израиль әскерінің әрекетін қатаң айыптаған Режеп Ердоған, «біз Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесін шұғыл шақыруды ұсынамыз» деді. Сондай-ақ, 3 күндік ұлттық аза тұту күні жарияланатынын айтты.
Автор: Мақсат Мәлік
15.05.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!