Астанаға Сирияның қарулы оппозициясы келді
24 адамнан құралған делегацияны Ахмад Тома бастап жүр.
Автор: Жәудір Оразхан
15.05.2018
Астана процесінің жалпы отырысы санаулы минуттардан кейін басталады. Қарулы оппозиция осы жиынға қатысуы тиіс. Және кепіл беруші мемлекеттер – Ресей, Түркия, Иранның өкілдері, Сирия Үкіметінің мүшелері де Елордада. Бақылаушы ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистура бастаған топ пен Иордания делегациясы келген. Айта кету керек, 9-раундтан АҚШ делегациясы бас тартты. Америка Қазақстандағы елшісін де жібермеген. Ал келіссөздің алғашқы отырысы жабық есік жағдайда өтті. Кеше кепіл беруші елдер екіжақты кездескен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!