Павлодарда су құбыры жарылып, төңірек будан тұманданып кетті
Көше қиылысында аспанға атқылаған ыстық су сол маңдағы көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салды.
Автор: Әйгерім Шакаманова
15.05.2018
Оқиға түске таман облыстық аурухана маңында болған. Тасқындай тулаған ыстық суды көрген сол жердегі көлік иелері біраз әбігерге түскендерімен көшеде пайда болған «бұрқақты» видеоға жарыса түсіріп жатыр. Ал жолға жайылған суды мұнда жеткен жауапты компания қызметкерлері тоқтатты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Ал апаттың өзі жылу жүйесін жоғары қысыммен су жіберіп сынау кезінде болған. Тексеру шараларына байланысты қазір шаһардың бірнеше ауданының тұрғындары ыстық сусыз отыруға мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!