Арал тозаққа айналды
Гавай аралдарында жанартау атқылауы тоқтар емес. Жердегі жұмақ саналатын архипелаг қазір тозаққа айналғандай.
15.05.2018
Жергілікті билік қауіпті аймақтан тағы да мыңдаған адамды жедел көшіру туралы шешім қабылдады. Себебі, ыстық күл жолдармен қоса үйлерді және көліктерді жайпап жатыр. Бүгінде Гавай аралында төтенше жағдай жарияланды. Лава көшкіні жолындағы 40-қа жуық үйді күл қылған. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалып, әбден әбігерге түсті.Табиғи апат әсіресе Леилани-Эстейтс елді мекеніне қауіп төндіріуде. Айта кетейік, осыған дейін бұл аймақтан 2 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Килауэа жанартауы өткен аптада жер сілкінісінен кейін оянып, аспанға күл, топырақ ата бастаған. Жақында тағы күшті зілзала болады деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!