Ердоған Трампқа қыр көрсетті
Түркия президенті АҚШ пен Израильдағы елшілерін кері шақыру жөнінде шешім қабылдады. Режеп Ердоған бұл қадамын Газа секторындағы қайғылы жағдаймен байланысты екенін жеткізді.
Автор: Мақсат Мәлік
15.05.2018
Америка тарапы елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыруына қатысты Газа секторында толқулар басталған болатын. Бірақ, Израиль әскері қарсылық акциясына қатысушыларға оқ жаудырып, 59 палестиналық қаза тапты. 3 мыңға жуық адам зардап шеккен. Ал, Израиль әскерінің әрекетін қатаң айыптаған Режеп Ердоған, «біз Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесін шұғыл шақыруды ұсынамыз» деді. Сондай-ақ, 3 күндік ұлттық аза тұту күні жарияланатындығын мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!