{metadescription}
Қызымның ажалына кім кінәлі?: Ақтөбеде лифтіге жаншылып өлген танымал тележүргізушінің анасы мәлімдеме жасады
Қызымның ажалына кім кінәлі?: Ақтөбеде лифтіге жаншылып өлген танымал тележүргізушінің анасы мәлімдеме жасады

Қызымның ажалына кім кінәлі?: Ақтөбеде лифтіге жаншылып өлген танымал тележүргізушінің анасы мәлімдеме жасады

Ақтөбеде лифтіде жаншылып өлген тележүргізушінің туыстары кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. Бір жарым ай өтсе де, тәртіп сақшылары ешкімге айып тақпаған. Ал қайғылы оқиға болған үй тұрғындары тағы бір оқыс жағдай қайталана ма деп қорқады. Себебі, лифті сол күйі ашық жатыр. Ойын баласы жүгіріп жүріп шахтаға түсіп кетуі әбден мүмкін.

Дәл осы жеделсатыға 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып қаза тапқан еді. Лифті мен шахта арасында кептеліп қалған ол тұншығып көз жұмды. Бұл оқиғадан бері бір жарым ай өтсе де лифтінің есігі айқара ашық тұр. Тұрғындар ойын баласы жүгіріп жүріп, ішіне түсіп кете ме деп қорқады.

-Міне, қоршап қойған дүниесі. Арғы жағы ашық. Балалардың әлі келеді ғой. Оны ойлап отқан ешкім жоқ. Адам өлтіріп отырып осылай тастап кете ме?

Ал жеделсатыға жауапты пәтер иелері кооперативіндегілер мұнда тұратындардың қауіпсіздігіне бас қатырғысы келмейді. Бар айтары: «Байқап жүрсін!». Лифтіні жаңасына ауыстырмай олардың бұл үйге жолағысы да келмейді.

Кенен Жәнібеков, ПИК төрағасы:

-Егер ол жерде балалар ойнайтын болса ата-аналары өздері қарап жүрсін. Лифт жанында ойнамасын деп айтсын. Ал лифті жөндеуге келмейді. Оны жаңасына ауыстыру керек. Бұны термомодернизация бағдарламасы бойынша істейтін болармыз.

Қаза тапқан келіншектің туыстары жеделсатыға жауапты мекемедегілердің жазалануын талап етіп отыр. Марқұмның топырағы суымай ешбір жерге шағымдана алмағандарын айтады. Енді қырық күндік садақасынан соң ғана тергеу барысымен танысқан. Бірақ ешқандай айыпталушының жоқтығына күйінеді.

Айша Төлемісова, марқұм А.Әбдісаматтың анасы:

-Менің баламның ажалына кім кінәлі? Отызы күні жөнделген лифті неге төрті күні үзіледі? Ол лифтіні дұрыс жөндемеген. Ақша төлейтін кезде, келісім-шартқа отырған кезде біз лифтінің кішкентай ақауы болса да жауап береміз деп алды ғой. Неге жауап бермейді? Сонда әрбір адам қыстырылып өле беруі керек пе?

-Лифтідегі адам өліміне қатысты ішкі істер департаментіндегілер тергеудің әлі жүріп жатқанын айтады. Бірақ әзір ешкімге айып тағылмағынын жасырмайды. Ол үшін техникалық сараптама қортындысы керек екен. Бірақ, неге екені белгісіз, ол әлі кешігіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде