{metadescription}
Өскеменде екі бірдей аурухананың төңірегінде қолданылған ине мен түтіктер үйіліп жатыр
Өскеменде екі бірдей аурухананың төңірегінде қолданылған ине мен түтіктер үйіліп жатыр

Өскеменде екі бірдей аурухананың төңірегінде қолданылған ине мен түтіктер үйіліп жатыр

Тіпті жергілікті экологтар қоқыс арасынан оның жеті жәшігін тауып алған. Енді олар инелерінде қан мен дәрі-дәрмек қалған заттардан ауру тарай ма деп алаңдаулы.

Себебі, жұқпалы дерттің ауа арқылы да тарап кетуі ғажап емес. Ал бұларды қап-қап қылып қоқыс арасына тастау заңға қайшы. Яғни мұндай медициналық қалдықтар жерге көмілуі не өртелуі керек. Бірақ, ана мен бала орталығынан 200 метр жерге оны кімнің әкеліп тастап кеткені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, оған облыстық перинаталдық орталық та жақын орналасқан. Енді экологтар құзырлы органдардан бассыздыққа жол бергендерді табуды талап етпек. 

Анатолий Филипов, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкері:

-Бұл өте қауіпті. Қандай медициналық орталықтың тастағаны белгісіз. Мүмкін, оларды СПИД-пен не ашық түрдегі туберкулезбен ауыратын адамға салған шығар?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде