Астанада медициналық анықтаманы қолдан жасап, сатумен айналысқан алаяқтар ұсталды
Олар жалған құжатты қарапайым түрлі-түсті принтермен дайындап, үш есе арзан бағаға саудалаған.
Автор: Ербол Тұрымбет
15.05.2018
Мына жігіт медициналық анықтама жасаудың хас шебері болып алған. Оның пәтерінен медициналық мекемелер мен жеке дәрігерлердің сексеннен астам мөрі табылды. Сондай-ақ, 086 үлгісіндегі медициналық анықтаманың 200 данасы мен тағы 186 санитарлық кітапша баспаға дайын тұр екен. Одан бөлек, пәтерден табылған медициналық сараптамалар нәтижелері мен флюрография суреттері де жетіп артылады. Тінту барысында анықталғаны, әлгілер анықтама қағазының жалған үлгісін күніне 10 адамға жасап беріп отырыпты. Негізі 7 мың теңгеге жасалатын анықтамаларды алаяқтар екі жарым мың теңгеден саудалаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!