Бозымбаев тағы уәде берді
Елімізде жанармай тапшылығы болмайды Бір айлық қорға иек артқан Энергетика министрі бүгін осылай деді.
Автор: Досжан Маратұлы
15.05.2018
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
-Жыл басынан бері мұнай өнімдері саласында жағдай тұрақты. Және тапшылық байқалмайды. Ішкі нарыққа қажетті жағар-жанармай резервінің шамамен бір айлық қоры 338 мың тонна бензин және 238 мың тонна дизель отыны құрайды.
Әрі Бозымбаев жанармай өндірісінің көлемі артып келе жатқанын айтып отыр. Сөзіне сенсек, үш мұнай өңдеу зауыты жыл басынан бері 3 миллион 600 мың тонна мұнай өнімдерін шығарған. Ол экспортқа шығаруға да ішкі сұранысты қамтуға да жетеді. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екен. Бірақ, мұндай оң нәтиже бензин бағасына әсер ете қоймаған секілді. Өйткені, биыл ең сұраныстағы АИ-92-нің құны 15 пайызға өскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!