{metadescription}
​Сирияның оппозиция өкілдері Сочиге барудан бас тартты
​Сирияның оппозиция өкілдері Сочиге барудан бас тартты

​Сирияның оппозиция өкілдері Сочиге барудан бас тартты

Өйткені, қарулы топтың мүшелері реси Мәскеуге ренжулі. Астана процесінің 9-раундына келген олар осылайша, бейбіт келіссөзді қазақ жерінде жалғастырғысы келетіндерін ашық айтып отыр.

Сириялық оппозиция өкілдерінің құбылмалы мінезіне келіссөзге қатысушылар үйреніп те қалған. Қарулы топ мүшелері бұған дейінгі кездесулерде де жалпы отырысқа шықпай қойып, қыңырлық  көрсеткен болатын. Иранның кепіл беруші елдер қатарынан шығуын талап етіп, тағы шу шығарғаны да есте. Енді олар Сирия мәселесі бойынша биыл шілдеде Сочиде өтетін жиынға бармаймыз деп отыр. Уәждері мынадай:

Ясер Абдулрахим, қарулы оппозиция өкілі:

-Ресей әскері Сириядағы бейбіт халықты, бейкүні балаларды бомбалауда. Ресей мен Иранның офицерлері аурухана, мектептерді әуеден соққылауын тоқтатпай отыр. Егер олар Сирия халқын қырып-жоюды доғармаса, біз Сочидегі кездесуге бармаймыз.

Ал Астана процесінің 10-раундының айы мен күні осы Сочидегі жиыннан кейін белгілі болады. Бүгінгі келіссөздер барысында кепіл беруші елдер – Ресей, Түркия мен Иран Сириядағы соғысты тоқтату бойынша келесі отырысты Сочиде өткізейік деген ұсыныс жасаған. Алайда, оппозиция өкілдері Астанадан басқа жерде жүздесуге түбегейлі қарсы. 

Тың шешім қабылданды деп айта алмаймыз. Тараптар соңғы бір жыл ішінде қол жеткізген келісімдерді әріқарай жалғастыруға уағдаласты. Яғни, Сирия аумағындағы Ислам мемлекеті, Жебхад ән-Нусра, әл-Қаида ұйымдарымен байланысы бар өзге де лаңкестік топтарға қарсы күресті тоқтатпау сөз болды. 

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:

-Астана процесінде Сирияда деэскалация аймағын құру туралы меморандумның маңыздылығы, Сирия халқына әлеуметтік, медициналық көмек көрсету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы келісім болды. Және тұтқындағы азаматтар мен ұсталғандарды алмасу, қаза тапқандардың денесін қайтару да жалғаса береді.

9-раундтан АҚШ делегациясы бас тартты. Женевадағы келіссөзге басымдық береміз деген Вашингтон тіпті Қазақстандағы елшісін де жіберген жоқ. Ал Сирияның қарулы оппозициясы түгел келген. 24 адамнан құралған делегацияны Ахмад Тома бастап жүр. Кепіл беруші мемлекеттер – Ресей, Түркия, Иранның өкілдері, Сирия Үкіметінің мүшелері де Елордада. Бақылаушы ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистура бастаған топ пен Иордания делегациясы келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде