{metadescription}
Петропавлда құлағалы тұрған екі қабатты үйдің тұрғындары өздерін қауіпсіз жерге көшіруді талап етуде
Петропавлда құлағалы тұрған екі қабатты үйдің тұрғындары өздерін қауіпсіз жерге көшіруді талап етуде

Петропавлда құлағалы тұрған екі қабатты үйдің тұрғындары өздерін қауіпсіз жерге көшіруді талап етуде

Өткен айда ғана оларға көршілес дәл осындай үйдің қабырғасы құлағанда, мұндағы жұрт  шошып қалған еді.    Құдай сақтап, ол кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда шенеуніктер жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындардың кезегі жуық арада жылжымайды дейді.

73 жастағы Светлана Щербакова бір күні үйіндінің астында қаламын ба деп қорқады. Осыдан аз бұрын  төбенің сылағы құлап, зәресін ұшырыпты.  Ал көршілері мұндай жағдайда тұра алмаймыз деп  туыстарын жағалап кеткен екен. Енді кемпір подьезіндегі бос тұрған үш пәтерді  қаңғыбастардан жалғыз қорып жүр.

Светлана Щербакова, Петропавл қаласының тұрғыны:

 -Балконның асты құлады. Құрылысшыларды шақырып едім, олар бөрене тіреп қойды. Енді пәтерімнің едені құлап, үйіндінің астында қаламын ба деп қорқамын. Мына подьезде жалғыз қалдым. Түні бойы қаңғыбастар мазалайды. Жасым да келіп қалды. Басқа баспана тауып берсе екен.

Сегіз пәтерге шақталған бұл үйді қазір 5 отбасы, барлығы 9 адам мекендеп отыр. Коммуналдық  қызмет дегенің мұнда  атымен жоқ. Жұрт көмір тасып, күл шығарады. Суды да  көшедегі құдықтан әкеледі. 

-Бұл үй 1954 жылы салынған. Шлактан қаланған  қабырға қазір қақырап,  құлайын деп тұр. Іргетасын да көктем сайын су шайып,  үгітіле бастапты. Бірінші қабатта ешкім тұрмайды. Тұру өте қауіпті.

Осы үйге тура қарама-қарсы тұрған баспаның  қабырғасы өткен айда құлап, жұрт дүрлігіп қалған еді. Құдай сақтап, адам шығыны болған жоқ. Әкімдік сол жерде тұратын  үш отбасына дереу уақытша баспана тауып берген еді. Соны көріп шошынған бұл үйдің тұрғындары да оқыс жағдай орын алмайынша оңалмаймыз ба дейді.

Руслан  Есмағамбетов, Петропавл қалалық тұрғынүй инспекциясының бас маманы:

-Шлактан құйылған қабырғалар қазірдің өзінде ылғалдан ісініп тұр. Іргетасқа да сенім жоқ. Бұл үй міндетті түрде құлайды деген сөз. Ол уақыт еншісіндегі дүние . Біз  ғимаратты 2014 жылы апатты деп таныдық.  

Бұл үйдің тұрғындары жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар кезегіне қойылыпты. Алайда олардың алдағы бір-екі жылда қоныс тойын тойлауы  неғайбыл.

Эльмира Смағұлова,  Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

-Биыл жалғыз баспанасы апатты деп танылғандарға арналған коммуналдық үй мүлдем салынбайды. Алдағы жылға да ондай жоспар жоқ. Қазір әкімдікте осындай 164 адам кезекте тұр.

Ендеше тұрғындардың үйдің құлауын күтуден басқа амалдары жоқ. Сонда ғана олар жолы болған көршілерінің кебін киіп,  баспаналы болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде