Қант диабетіне шалдыққандар тағы да тегін дәріге жете алмай қиналуда
Елімізде үш бірдей облыстың науқастары өлместің күнін кешіп отыр. Алматы, Жамбыл, және Оңтүстік Қазақстан емханаларында 5 айдан бері инсулин тапшы. Ал бір қорабы жиырма мың тұратын қымбат дәріні сатып алуға диабетпен ауратындардың қалтасы көтермейді. Жауаптылар неліктен қол қусырып қарап отыр?
Автор: Асыл Махмет
16.05.2018
Жалғыз басты ана Юлияның өзіне ауадай қажет дәріге қол жеткізе алмай жүргеніне 5 ай болған. Ұзақ мерзімді әсері бар инсулинды ол таныстарынан сұрап қолдануда. Оның өзі бір аптадан соң таусылады дейді.
Юлия Сергеева:
-Ұзақ мерзімді инсулинді жыл басынан бері ала алмай келеміз. КҮн сайын қоңырау шалып сұраймын. Күтіңіздер, сәл шыдаңыз дейді. Қанша күтуге болады. Мен жұмыс істемеймін. Өзге науқастардан қашанғы сұрап қолданамыз. Әркімге өз жаны қымбат.
Қазақстан диабет қауымдастығына Юлия секілді мұңын айтып келетіндер жетіп артылады. Мұндағылар бар кінә тапсырысты дұрыс бермеуден болып отыр дейді. Инсулинды артығымен алып қою керек екен. Себебі елімізде қант диабетіне шалдыққандар күн санап артуда. Биыл тағы 22 мың адам қосылып Қазақстандағы диабетиктердің жалпы саны 314 мыңға жеткен.
Лейла Жұбандықова, Қазақстан диабет қауымдастығының президенті:
-Тапсырысты емханалар «СК-Фармация» мен Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді. Дұрыс мөлшерді және дұрыс дәрілерді жазбағандықтан осындай жағдайға ұшырап отырмыз. Инсулин тапшылығы қолдан жасалуда.
«СК-Фармация» бұндай мәселе мүлдем туындамау керек еді. Себебі біз дәріні толық мөлшерде жібереміз дейді. Бірақ белгісіз себептермен инсулин емханаларға жетпей жатады екен.
Баян Рүстембекова, «СК-Фармация» ЖШС басқарма басшысы:
- Тапсырысқа қарай дәрілерді береміз. Медициналық мекемелер не сұараса бәрін жібереміз. Және көрсетілген уақыттан кешіктірмейміз. Менің ойымша дәрі тапшылығы науқастардың артуынан болуы мүмкін. Немесе көшіп-қану салдарынан.
Шенеуніктер де емхана да өздеріне шаң жуытар емес. Бірақ жақын уақытта инсулин тапшылығын шешіледі дейді. Дәлі осындай уәдені олар гемофилиямен, гипертаниямен және эпилепсиямен ауратындар шағымданған да айтқан. Бірақ әлі күнге дәрі жеткіліксіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!