Семейде білдей бір кент тұрғындары қаланың шайынды суынан зардап шегіп отыр
Ондағы жұрттың айтуынша, көпқабатты 11 үйдің кәріз жүйесі 33 жылдан бері жөңдеу көрмеген. Соның салдарынан нәжіс араласқан су аулаларға жайылуда.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.05.2018
Бүгінде 250 пәтердің тұрғындары терезе ашып таза ауамен тыныстаудан қалған. Себебі, күн жылына сала төңіректі жағымсыз иіс жайлап алады. Осының салдарынан тіпті балалар аулаға шығып ойнауды ұмытыпты. Ал ересектер жұқпалы дерт тарай ма деп алаңдаулы. Өйткені кезінде өздері жасап алған арнайы шұңқырларды жұмысшылар тазалап үлгеретін емес. Кәріз жүйесін жаңартып, орталыққа қостыруды көтерген жұрт талай табалдырық тоздырғанын айтады. Алайда оларға жергілікті билік уәдені үйіп-төкенімен, еш нәтиже шықпай тұр.
Заида Сәтбаева, Семей қаласының тұрғыны:
-Келіп жөндеп береміз деді. Көрмек болған, келген де жоқ. Мүлдем хабарласпады. Жылда өзіміз тазалаймыз. Еденнің астына кетеді. Үйдің іші сасық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!