{metadescription}
Елімізде азаматтарға жүзін жасырып жүруге заңмен тыйым салынды
Елімізде азаматтарға жүзін жасырып жүруге заңмен тыйым салынды

Елімізде азаматтарға жүзін жасырып жүруге заңмен тыйым салынды

Енді жұмыста,  қоғамдық  орындарда  бетті тұмшалайтын, адамның түрін тануға кедергі келтіретін киім киюге болмайды. Дін істері министрлігі әзірлеген жаңа құжатты бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Сонда көшеде, дүкендер мен ойын-сауық орталықтарында да  тұмшаланып киінуге тыйым салынбақ па?

Иә, қоғамдық орындарда, адам көп жүретін жерде және жұмыста жүзіңізді  жасыруға  мүлдем болмайды.  Діни наным-сеніміне қарамастан кез келген азаматтың бет-әлпеті ашық  болуы тиіс.  Жұрттың үстіндегі киімін үш бірдей ведомства: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен дін істері және азаматтық қоғам министрілгі қатаң бақылап отырады. Ал заңды бұзғандарға жүздеген мың айыппұл салынады.

Дархан Қалетаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Киім-кешек кезінде бет-әлпеті жабылмау керек. Ең бірінші талаптың бірі.  Бірінші ескерті, содан кейін айыппұл. Жеке басты азаматтарға 30 АЕК басталып, содан кейін 50 АЕК айыппұл. Ұйымдарға 100 ден 200 АЕК салынуы мүмкін. Әрбір бапқа өзінің недері бар.

Шенеуніктер жаңа заң қабылданған соң діни бірлестіктермен бірігіп қысқа балақ пен қауға сақалдыларға да  ортақ  тыйым  ойлап таппақ. Сонымен қатар, бұдан былай мешіт, шіркеуден өзге жерде діни жоралғылар жасауға да болмайды.  Мәселен, дін жолымен некеге қию үшін ерлі-зайыпты міндетті түрде  мешітке келуі тиіс немесе үйде өткізеді. Және осы заңда дінсіздер мен діннің шарттарын қатаң ұстанған азамататрдың құқығы теңестірілмек. Ал ел азаматтарының 15 пайызға жуығы атеист екен.

Жаңа заң бойынша  мешіт, шіркеу мен діни ұйымдардың барлығы мемлекетке кіріс пен шығысты жайлы  есеп беруге міндеттеліпті, осы жайнда толығырақ айтып кетсен.

Иә, ресми тіркелген діни ұйымның барлығы жылына бір рет газет, журналға  табысы туралы ақпарат  жариялауы  тиіс. Бұл мешіттерге де қатысты. Қазір елімізде 2 жарым мыңнан  астам мешіт бар екен.Себебі, садақа салатын жәшіктерге түсетін қаржы  мен имамдарға  көлік, ақшалай, заттай берілетін сыйлықты есепке алу керек деген  ұсыныс жиілеп кетіпті. Ал Дін істері министрлігі жаңа заңға имамдардың жеке тапсырыс арқылы,  яғни өлім-жітімде құран оқып тапқан табысын  есепке  алудың әдісін енгізуді ұмытып кетіпті. 

Дархан Қалетаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Соны ойламаппын. Оны да қарастыру керек. діни басқармасымен ақылдасайық. Олар жеке кәсіпкер емес қой, патентпен жұмыс істейтін. Құдайға сеніп жүрген адамдар көңілдері, жүректері таза болу керек. Шындықты айту керек қой.

Намаз оқу жайлы да сөз болды. Министр  азамататр бос уақытта немесе басшымен келісіп жұмыс кезінде құлшылық етуге құқылы. Оған ешкім кедергі келтірмейді дейді. Дін істері туралы заң жобасын бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Төменгі палата құжатты  екінші оқылымда тағы талқылайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.