Астанада экономикалық форумға соңғы дайындықтар жүруде
Әлем назары Елордаға ауады! Ертеңнен бастап мұнда көптен күткен Астана экономикалық форумы басталады.
Автор: Досжан Маратұлы
16.05.2018
Ауқымды шараға шетелден келген 400-ден астам тіс қаққан сарапшы жаһандық экономикадағы мәселелерді талқыламақ. Басты спикерлер - Біріккен ұлттар ұйымының бұрыңғы бас хатшысы Пан Ги Мун мен Францияның экс-президенті Француа Олланд . Үш күнге жалғасатын форумда сарапшылар экономикадан бөлек, жаңа табиғи қуат көзі, цифрлы әлем, болашақтың қаржы жүйесі сынды өзекті деген 11 тақырыптың аясында сөз қозғайды. Ал, форумнан мыңнан астам журналист ақпарат таратады. Оның 120-сы шетелдік БАҚ өкілдері. Қазір ауқымды шара өтетін негізгі залдарда соңғы әзірліктер жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!