{metadescription}
Ақтауда базарға кіре алмай қалған саудагерлер жол жөндеушілермен қырқысып жүр
Ақтауда базарға кіре алмай қалған саудагерлер жол жөндеушілермен қырқысып жүр

Ақтауда базарға кіре алмай қалған саудагерлер жол жөндеушілермен қырқысып жүр

Ақтаудағы айғай! Қаланың қақ ортасындағы орталық базар саудагерлері жол жөндеу ісінің өгіз аяңмен жүріп жатқанына наразы. Құрылыс жұмыстары кесірінен айнала тегіс қопарылып, саудагерлердің өздері базарға кіре алмай қалған. Қаптаған апандай ой-шұңқырлардан мұнда алушылар да келуді қойып, кәсіпкерлер банкрот болдық деп отыр.

Салы суға кеткен саудагерлердің сөзінше Ақтаудағы орталық базарға қатынау қиямет қайым. Себебі «жол жөндейміз» деген желеумен айнала тегіс қазылып, астаң-кестеңі шығып жатыр. Қаптаған ой-шұңқырдан сауда орнына атап басу мүмкін емес. Бұл жағдай базар аралаушылардың да наразылығын туғызды. 

Балжан Ұзақбаева,  зейнеткер:

-Бізге базарда жүру қиын. Аяқ-қол ауырады, үлкен адамдармыз. Жылдамырақ біздің жағдаймызды жасаса деп ойлаймын. Осы базардан алып кету үшін үйден баламды шақырып отырмын. Жолдың бәрі жабық, өткенде де қорқып өтеміз.

Мұнда жөндеу жұмыстары шамамен бір жарым ай бұрын басталғанымен тас жолы әлі күнге төселмеген. Тұрғындар соған қарағанда мердігердің техникалық базасы мен жұмысшылары жеткіліксіз деп топшылайды. Өйткені,  құрылыстың басында небәрі екі трактор мен екі-ақ адам жүр. Олардың өзінің қимылдауы қиын екен.

Айжамал Бикеева, сатушы:

-Бұлардың неге жұмыс жасамайтындарын түсінбеймін мен. Сағат 12- де өтсең де жатыс, сағат бірде де сол жатыс. Екі тракторды екі шетіне қойып қойған, сонша територияда екі жұмысшы жатады. Оның өзі ямаға кіріп алған.

Ал құрылыс компаниясы әдеттегідей өздеріне жаң жуытатын емес. Тіпті, келісім бойынша 10 айда бітуі тиіс жобаны 7 ай мерзімде аяқтаймыз деген сенімде. Дегенмен фирма басшылығы аз-маз кідірістің болып жатқанын жасырмады.

Сержан Құсайынов, құрылыс компаниясы директорының орынбасары:

-Қазіргі таңда бізге жоба бойынша емес, жатқан линиялар кедергі келтіруде. Жоғарғы кернеулі желілер дейді ғой солар жердің астында орналасқан. Соларды қазу үшін қолмен жұмыс жасауға тура келіп тұр.

Наразы топтың бұл уәжге сенгісі жоқ. Олар жергілікті билік өкілдері мердігердің қолымен жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып жатыр деп есептейді. Яғни жұрттың ойынша, шенеуніктердің түпкі мақсаты – базарды көшіру. Өйткені 800 орындық сауда нысанын сүріп тастау жөніндегі әңгіме талай жылдан бері айтылып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде