{metadescription}
Шымкентте мұғалімнен таяқ жеген оқушылардың ата-аналары шу шығарды
Шымкентте мұғалімнен таяқ жеген оқушылардың ата-аналары шу шығарды

Шымкентте мұғалімнен таяқ жеген оқушылардың ата-аналары шу шығарды

Шымкентте оқушылар басқа мектептің директорының орынбасарынан таяқ жегенін айтып шағымданды. Тіпті, жеткіншектерге аузына келгенін айтып, ұстаздардың көлігін де күштеп жуғызған көрінеді. Педагогтың ашулануына оқушылардың сабақ кезінде тыйым салынған тоғанға барып, суға түсуі себеп болыпты. Енді ата-аналар әлгі мектеп басшылығының жазаға тартылуын талап етуде. Алайда мұғалім бұның бәрі жала дейді.

Шымкент шетіндегі Қайнарбұлақ ауылының балалары қолы қалт етсе мына тоғанға келіп ойнайды. Өткен жұмада осындағы 125-ші мектептің 7-ші сынып оқитын 7 оқушысы сабақ арасында келіп, суға түспек болған. Шешіне берген кезде өзге №83 мектеп директорының орынбасары мен тағы бір мұғалімі келіп, балаларды тырқырата қуыпты. Тіпті, ұстап алып оқушыларға астындағы көлігін жудырып, балағаттағанымен қоймай, соққыға жыққан көрінеді.

Максим Петухов, оқушы:

-Мен тыныш тұрғанмын, бірден ішімнен ұрып есеңгіретіп тастады. Ал, Яша деген сыныптасымызды бірнеше рет басынан, денесінен аямай соққылады. Сонан соң келген көліктерін жууды бұйырды. Қорыққанымыздан айтқанын екі етпей істедік.

Оқушылардың айтуынша, көрші мектептің мұғалімі жеткіншектерді жарты сағат бойы тізесін бүктіріп, қолын создырып тұрғызып қойған. Одан  соң педагогтар өздері көлікке отырып, оқушыларды артынан ілестірген күйі мектепке дейін жүгірткен көрінеді. Балалар үйіне келген соң бастан кешкенін ата-анасына айтып, ересектер жанжал шығарған.

Валентина Егорова, жәбірленушінің анасы:

-Естіген соң бірден полицияға арыздандық. Сосын әлгі соққыға жыққан директордың орынбасары мен оның өкілдері келіп, кешірім сұрады. Моральдық шығындарыңыздың өтеуі деп 500 мың теңге ұсынды. Бірақ біз әділдікті талап етеміз.

Оқушыларды соққыға жықты делінген директордың орынбасары болса тоғанға өз мектебінің оқушыларын іздеп барғанын жасырмайды. Жанұзақ Жандаров тыйым салынған тоғанға түспеңдер деп ұрысқаным болмаса, ешкімге қол көтерген жоқпын дейді. Көлік жудырып, машинамен қуғанын да жоққа шығарып отыр. Ал, зәбір көрді деген оқушылардың ата-анасы кешірім беруі үшін ұстаздан қыруар қаржы сұраған екен.

Жанұзақ Жандаров, №83 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары:

- Шоқпармен ұрыпсың дейді. Тізерлеп отырғызыпсың дейді. Сондай әңгімелер бар. 2 млн талап етіп жатыр. Мүлдем бере алмаймын .

-Ұстаздан таяқ жедік деген оқушылардың ата-аналары жуан жұдырықты мұғалім барынша қатаң жазалануын талап етті. Қазір, осы жәйт бойынша полицейлер тергеу ісін бастап, бірнеше сараптама тағайындапты. Алайда жаланың құрбанымын деген директордың орынбасары да ақтығын дәлелдеу үшін айыптап жатқан тұрғындармен соттасуды көздеп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде