Бишімбаев тағы кешірім сұрап өзін ақтауды сұрады
Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев апелляциялық сотқа қатыспайтын болды. Атышулы процесс сотталушыларсыз жалғаса береді. Қылмыстық істі қайта қарап жатқан сот алқасы бүгін осындай шешім шығарды.
Автор: Досжан Маратұлы
16.05.2018
Сондықтан, Бишімбаевтың изоляторда жатып апелляциялық сотқа дайындаған сөзін оның әйелі оқып берді. Хатта «Болашақтың» түлегі кезекті рет кінәсіз екенін айтып, судьядан үкімді өзгертуді өтінген. Әрі өзін қол астындағылардың алдағанын алға тартып, отбасынан, Президенттен және ел азаматтарынан тағы кешірім сұрады. Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев ірі көлемде пара алып, бюджеттің 1 миллиард теңгесін жымқырды деген айыппен екі ай бұрын 10 жылға сотталған болатын. Экс-шенеунікпен бірге қылмыстық топта болған «Бәйтерек девелопменттің» бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев және оның орынбасары мәжілісмен Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов пен өзге де топ-менеджерлер және бизнесмендер бас-аяғы 22 адам жаза арқалады. Бишімбаевтың әйелі болса, апелляциялық сот барысында күйеуіне қатысты үкімнің өзгереріне сенімді.
НАЗЫМ БИШІМБАЕВА , Қ.БИШІМБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ:
-Күйеуіммен дүйсенбі күні кездестім. Қатты уайымдап отыр. Өзінің ақталып шығатынына ол да іштей сенеді. Тек, жолдасым ғана емес, кім болса да апелляциялық сотқа үміттенеді ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!