{metadescription}
​Павлодарда пошта бөлімшесін тонаған  азамат сотталды
​Павлодарда пошта бөлімшесін тонаған  азамат сотталды

​Павлодарда пошта бөлімшесін тонаған азамат сотталды

30 жастағы Айдар Батджанов миллиондарды алып кеткені үшін 7 жарым жыл абақтыда отыруы тиіс.

Оқиға 2016 жылдың тамызында болған. Пошта бөлімшесіне түскі үзіліс кезінде келген ер адам мұндағы кассир әйелді ұрып жығып, 4 миллион теңгеге жуық ақшаны алып ізін суытады. Ал оқиға орнына полицейлерді шақыртқан жәбірленуші қарақшының түрін анық көрмегенін айтқан. Өйткені, ол бетін медициналық маскамен бүркеп алыпты. Тәртіп сақшылары болса, үш айдан соң 30 жастағы Айдар Батджановты құрықтаған. Сөйтсе, оның саусақ іздері пошта ішінен анықталыпты. «Қарақшылық» бабы бойынша айыпталған ер адамның бұрын да істі болған. Ал екі жылға жуық тергелген мына іске бұған дейін де үкім шығарылған болатын. Ол кезде 8 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы мұнымен келіспейтінін айтып, қарсы шағым түсірген еді. Кейін апелляциялық алқа алғашқы шешімнің күшін жойды. Қайта қаралған істе Бадтжановқа қатысты алғашқы жаза 6 ай ғана қысқартылды. Ол енді маскүнемдіктен де емделуі тиіс. Ал Батджановтың жақындары ол жаламен сотталды деп отыр.

Айым Батджанова, сотталушының әйелі:

– О бастан іс дұрыс қаралмады.Оқиға тамызда болса, менің күйеуімді қазанда ұстап әкетті. Бұрын сотталғанына байланысты саусақ іздерінің сақталғаны анық. Ешкімді таппаған соң бұл істі оның мойнына іле салды. Жәбірленуші әйел бастапқыда екі ұрының болғанын және олардың орыс екенін айтқан. Кейін мұнысынан айнып қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде