Тікелей эфир: Назарбаев әлемдік экономиканы тығырықтан шығарудың 5 жолын ұсынды
Әлемдегі әлеуметтік теңсіздікті жою керек! Бүгін Астана экономикалық форумын ашып берген президент Нұрсұлтан Назарбаев жер жаһанға төнген қауіп қатер туралы айтып берді. Әрі дүние жүзінде шатқаяқтап тұрған экономиканы сақтап, тығырықтан шығудың негізгі 5 жолын атады.
17.05.2018
Иә, қазір Астана экономикалық форумының нағыз қызыған шағы. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген экс-президенттер, жүздеген сарапшы, нобель сыйлығының иегерлері, беделді саяси тұлғалар мен жер жаһанның экономикасына ықпалын жүргізіп отырған бизнесмендер тың идеяларын айтып, пікір алмасып жатыр.
Ауқымды форумды ашып берген президент те бірден әлемдегі негізгі өзекті мәселелерге тоқталды. Айтуынша,санкциялар соғысы, ірі державалар арасындағы сенімсіздік, геосаяси үстемдікке таласу, әлемдік экономикаға үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл он жыл бұрын басталған дағдарысты одан сайын ушықтырып жатыр. Сол үшін де бай мен кедей арасында алшақтық одан сайын өсіп барады.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Сегодня активы 62 богатейших людей мира сравнялись с состоянием беднейшей половины человечества, то есть 3,5 млрд человек. По данным ряда международных экспертов, более 80% благосостояния, созданного в прошлом году, принадлежит всего одному проценту населения.
Түсінікті, ал тығырықтан шығудың жолы қандай? Елбасы не айтты?
Президет басынан бақ тайған әлемдік экономиканы сақтап қалу үшін 5 негізі жолды атады. Яғни, әлеуметтік теңсіздікті жою, баламалы энергетиканы арттырып, Қаржы нарығы, яғни криптовалюта мен блокчейн саласын реттеу керек дейді. Өйткені, цифрландыру заманында электронды ақша елдер арасындағы тартысты тоқтатып, сауда-саттықты реттейді екен. Әрі осы электронды ақша дамыса кейін, әлемнің алпауыт компаниялары құрдымға кететінін болжап отыр.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-По мнению экспертов, 200 из 500 крупнейших компаний исчезнут в ближайшее десятилетие. В то же время цифровизация сопутствует росту киберпреступности. Она в 2017 году признана самой серьёзной угрозой для бизнеса, хотя годом ранее занимала всего пятую строчку. Эти и другие факторы обуславливают стремление стран не оказаться в цифровой провинции
Форумда қазір де құнды мәліметтер мен маңызды бастамалар айтылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!