Өскеменде шамға қатысты үлкен дау шықты
Көңілге көлеңке түсірген көше шамдары! Өскеменде жағалауға орнатылған су жаңа шырақтардың дизайны тұрғындарға ұнамай қалды. Олар осы шамдар қойылған бағаналарды «түрме» қоршауына ұқсатқан.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.05.2018
Үлбі өзені жағалауын жарықтандыру үшін қала басшылығы шамдарды қара түске боялған бағаналарға орнатуды жөн деп санапты. Мұны көрген тұрғындар шошып кеткен. Сырттай қарағанда, бүгінгі ұрпақ соғыс жайлы кинодан ғана көрген азап лагерінің қоршауын елестететінін айтқан жұрт бұлардың дизайнын кім жасағанын білгісі келеді. Бірақ шенеуніктер бұл жағдайға қатысты ләм демей отыр.
Вера Жамбырова, Өскемен қаласының тұрғыны:
-Мына жерлерді қазып тастағалы екінші жыл. Қойған шамдарының түрін қарашы. Адам шошиды. Баламен серуендеп шығудың өзі мүмкін емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!