{metadescription}
Талдықорғанда жөндеуге көңілі толмаған жұрт жолды жауып тастады
Талдықорғанда жөндеуге көңілі толмаған жұрт жолды жауып тастады

Талдықорғанда жөндеуге көңілі толмаған жұрт жолды жауып тастады

Талдықорғанда газ құбырын тарту ісі үлкен дау тудырып отыр. Құрылыс жұмыстарының сапасына көңілі толмаған жұрт көшеге шығып, тіпті жолға отырып алды. Құбыр төселген жерлерде қалған ой- шұңқырдан аяқ алып жүре алмай қалған олар, шаруаның қалай болса солай жүргілізіп жатқандарына наразы. Айтуларынша құрлысқа бөлінген қаражат талан таражға түсіп жатыр екен. Ал мердігерлер болса, бұл құбыр тартудан хабары жоқтардың бос байбаламы дейді.

Қолдарына плакат ұстап шыққан жұрт мына көшеге жатып алуға дайын. Өйткені олардың осы жердегі ой-шұңқырмен секіріп жүргендеріне бір жыл болған. Осының кесірінен түнгі уақытта шұғыл шаруа болмаса үйден шығуға именеміз дейді. Ал көлікпен жүру мүлдем қиын. Бұл – көшеге газ құбыры тартыла бастағаннан кейінгі көрініс. Негізі, жоба бойынша құбыр төселген соң көше толық жөнделуі тиіс екен.   

Мәрия Метрейқызы, Талдықорған қаласының тұрғыны:   

-Ылғи апат болады да жатады. Елге обал. Бәрі несиеге алып жатыр. Мынау орталық көше болатын гой бұрын, енді жедел жәрдем де келе алмайды.

Ал мынау – Құрманов көшесінің ашуға мінген тұрғындары. Олар керісінше жолдың жөнделуіне қарсы. Айтуыларынша алдымен мұнда жобада бар газ құбыры жөндеп салынуы тиіс. Содан кейін ғана тас жолды төсеуге болады. 

Владимир Чащин, Талдықорған қаласының тұрғыны: 

-Жол жөндеу жұмыстарының сиқы көңіл көншітпейді. Өткен жылы құбырды салып кеткен соң оның үстін жақсылап нығыздамаған. Кесірінен құбыр салынған жер ойылып ортасына түсті. Енді келіп қайта тас жол төселегі жатыр. Бір жұмысты екі рет істеп, қаражатты желге ұшырып жатыр.   

Құбыр төсеп жатқан компания өкілдерінің айтуынша, құрылыстың қыр-сырын білмейтін тұрғындардың айтқандары – бос сөз. Оларды бұған жеке пайдасын көздеген белгілі бір адамдар итермелеп отыр екен.  

Рамиль Ғабитов, мердігер компанияның өкілі: 

-Олар құрылыс технологиясын білмейді. Қарапайым тұрғынның бұдан хабарары болуы мүмкін емес. Білікті мамандар жұмыс істеп жатыр мұнда. Барлық іс ретімен атқарылады. Ал далаға шығып айғай салу – ақымақтық.

Талдықорғанда газ құбырын тарту жұмыстары 2016 жылы басталған. Жоба құны – 23 миллард теңге. Шенеуніктердің айтуынша, жоспарланған жұмыс мерзімімен атқарылып, кемшін тұстары уақтылы жөнге келтіріліп жатқан көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде