{metadescription}
Қарағанды облысында күкірт қышқылын сақтайтын қойма құрылысына  жұрт қарсы шығып жатыр
Қарағанды облысында күкірт қышқылын сақтайтын қойма құрылысына  жұрт қарсы шығып жатыр

Қарағанды облысында күкірт қышқылын сақтайтын қойма құрылысына жұрт қарсы шығып жатыр

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары елді мекен жанында күкірт қышқылын сақтайтын қойманың болуына қарсылық білдіріп отыр. Пойызбен жеткізілетін бұл қоспа Шет ауданына салынуы тиіс осы қоймаға түсіріліп, ары қарай Мыс катодын өндіретін зауытқа жіберілмек. Дегенмен ауылдан ат шаптырым жерде ғана салынғалы жатқан нысандағы химиялық сұйықтық денсаулыққа зиян дейді тұрғындар. Сондықтан олар қойма құрылысын жүргізбеу үшін жолды да жабуға дейін барамыз деп отыр.

Қоғамдық тыңдаудағы жұрттың арыны осындай. Олардың айтуынша, ауыл маңында күкірт қышқылын сақтау экология мен адам денсаулығына қарсы жасалған қастандық. Дегенмен, теміржолдың тұйықталған жерінде орналасуы тиіс қойма жаңадан салынатын мыс катодын өндіретін зауытқа қажет шикізат сақтауға арналған. Осы жерге дейін пойызбен жететін күкірт қышқылы ары қарай көлік цистерналарына құйылады. Жоба бойынша, бұл жерден жылына ондаған мың тонна өнім жөнелту көзделген. Ал тұрғындар адам қауіпсіздігіне қатты алаңдаймыз дейді.

Балғабай Жүнісов, Ақадыр кентінің тұрғыны:  

- Экологияға халыққа зияны жоқ дейді. Ондай деген болмайды. Ешкіммен ақылдаспайды.  Ақадыр халқын улап, ертең балаларымыз кемтар боп туады.

Жергілікті биліктегілер болса, экология мен адам денсаулығына өздерінің де бей-жай қарамайтынын айтады. Қоғамдық тыңдау ұйымдастырып жатқандары да сондықтан. Кәсіпкерлікке деп ауыл маңындағы темір жол тұйықталған жерден жер телімін бөлгеніміз рас дейді шенеуніктер. Бірақ қойма құрылысын жүргізуге рұқсат әлі берілген жоқ. Қойманың орналасқан жері мен жобасы экология департаментіне сараптамаға да жіберіледі.

Марат Жандәулетов, Шет ауданының әкімі:

-Халықтың пікірімен санасуға міндеттіміз. Сол үшін жасалып жатқан шаруа ғой. Жаңа ғана бітті ғой. Сондықтан біз олармен отырып ақылдасамыз. Экологиялық департаменттің сараптамасына берердің алдында халықтың пікірімен санасамыз.

-Экологтар күкірт қышқылының өзіндік қаупі барын жасырмайды. Бірақ алда-жалда төгіліп жатса да экологиялық апат болады деуге келмейді екен. Сондықтан қоймадағы сұйықтықты ауылдың сыртымен тасымалдап, техникалық қауіпсіздік қатаң сақталса, қоршаған ортаға зияны болмайды деп отыр. Десе де, халық қарсылығын тыймаса, қойма құрылысының тоқтауы да ғажап емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде