{metadescription}
Алматы-Талдықорған тасжолы ақылы болмақ
Алматы-Талдықорған тасжолы ақылы болмақ

Алматы-Талдықорған тасжолы ақылы болмақ

Енді жеңіл көлік жүргізушілері жолдың әр шақырымына 1 теңгеден төлейді. Ал, жүк таситын көліктерге өзге баға белгіленбек. Алайда, шілде айынан басталатын жоба әзірге Алматы мен Қапшағай аралығында ғана жүзеге асырылады.

Вадим Никитин, мердігер компанияның өкілі:

-Ол киви әмиян, ұялы телефон немесе банк есеп шоты арқылы төлей алады.  Егер жүргізуші төлейтін бекеттен өтіп кетсе, сол жерде оны тоқтатады. Қанша шақырым жүрді, қай уақытта, барлығы экранда көрсетіледі. Сондықтан ол сол орында төлем жасайды.

Ал, Алматы мен Талдықорғанды жалғайтын 250 шақырымдық автомагистраль келер жылы терминал құрылысы толық аяқталғаннан кейін ақылы жолға айналады. Төлем қабылдауды бес бөлікке бөлінген терминалдағы күрделі электрондық жүйе жүргізеді. Айта кетейік, құны 130 миллиард теңге тұратын тасжол құрылысы 2015 жылы бітуі тиіс болатын. Бірақ, жолдың жеке бөлігі әлі күнге дейін жабық. Сондай-ақ, тас жол төңірегіндегі дау әлі толастаған жоқ. Мәселен, үйлері трассаға жапсарласқан Бақтыбай ауылының тұрғындары, мердігерлермен соттасып жатыр. Олар құрылыс талаптары өрескел бұзылды деген уәж айтады.

Рысбек Жұмаділов, «Қазавтожол» АҚ бас маманы:

-250 шақырымнан тұратын Алматы-Талдықорған жолы 5 бөлікке бөлінген. Қазіргі негізгі бөліктер аяқталды.  Тек, Балпық биден Талдықорғанға дейінгі бөлік қалып отыр. Осы жылы толықтай аяқтаймыз деп уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.