Ақтөбенің Ішкі Істер департаментінде тұтқындаулар жүріп жатыр
Ақтөбеде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қамауға алынды. Полиция полковнигі Алтай Аңшыбаевқа өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.05.2018
Аймақтағы ішкі істер органдарының есеп-қисабына жауап беретін шенді тендер кезінде ғимараттарды жөндеуге жұмсалатын ақшаны қалтасына басқан. Бірақ оның қанша қаражат жымқырғанын тергеушілер айтпады. Алтай Аңшыбаевтың қылмысын өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар байқапты. Кейін тексеруді Кейбір ақпарат құралдары Алтай Аңшыбаевтың сыбайластары да ұсталды деп хабарлаған еді, бірақ кейін күдіктінің әріптестері бұны жоққа шығарды. жалғастыруды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросындағыларға табыстайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!