АЭФ: сарапшылар санкцияны тоқтатудың жолдарын іздеді
Өйткені державалар арасындағы саяси текетірес әлемдік экономиканың дамуына кесіріп тигізіп отыр.
Автор: Жәудір Оразхан
18.05.2018
Бұл тақырып АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай мен Ресей сарапшыларының арасында да қызу талқыланды. Мамандардың ойынша, мемлекеттер арасындағы шиеленістердің шешімі бар. Мәселен, Қытай «Бір жол. Бір белбеу» жобасы аясында миллиардтаған инвестиция құюға дайын. Ал Ресей "Үлкен Еуразия" жобасын ұсынып отыр. Осындай ұсыныстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзінің ауызбіршілігін сақтап қалуға мүмкіндік бар дейді жиналғандар. Бұл тақырып биыл қарашада халықаралық саясаткерлер мен дипломаттардың қатысуымен өтетін «Астана Клубының» төртінші отырысында да жалғасады. Шараны ұйымдастырушы Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты.
Жұмабек Сарабеков, Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
- Әлемдік экономика геосаяси процестердің ықпалында. Біз осы көпвекторлы саясатымыздың аясында осы үлкен алпауыттардың арасында мәмілегер ретінде рөл ойнауға тырысудамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!