{metadescription}
Алакөл отандық «Антальяға» айнала ала ма?
Алакөл отандық «Антальяға» айнала ала ма?

Алакөл отандық «Антальяға» айнала ала ма?

Соңғы үш жылда Алматы облысындағы демалыс аймағына ат басын бұрғандардың саны бірден алты есеге артқан. Бірақ, бір мәселе әлі күнге шешілмей келеді. Ол жыр болған жол. Атқамінерлер жиырма жылдан астам түйіні тарқамаған проблеманың шешімі табылғанын айтады.

Алакөлге арнайы барып, жағдаймен танысып қайтқан әріптесім Асқарбек Қазанғаптан толығырақ сұрасақ. Қайырлы күн, Асқарбек!

Асқарбек: Қайырлы күн! Алакөлге барған, көрген, суына түсіп тыныққан, әрине жақсы. Бірақ, жетер жолды айтсаңшы. Шыны керек, шұрық-шұрық, ойық-ойық жолдардан іш құрылысым айналып кеткендей.

Бұл әрине тек менің базынам емес. Тәуелсіздік алғалы туризмді дамытуды желеу еткендер ең алдымен жолды жөндемей туризм алға баспайды деп қанша рет айтты. Алакөлдің жолы дегенде «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» деген өлең жолдары еріксіз ойға оралатын күйге жеттік. Алматыдан Алакөлге дейін 670 шақырым. Оның екі жүз милометрінің сапасы сын көтермейді. Жеңіл көліктің тұсаулы аттай жүрісі өнбейді. Ал, жол талғамайтынын мінуді екінің бірінің қалтасы көтермейді. Сонымен не керек, ширек ғасырдан астам қараусыз жатқан жолға биыл миллиардтар бөлінетін болыпты.

ӘЛІБЕК ЖАҚАНБАЕВ, АЛАКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-Талдықорған-Қалбатау-Өскемен жолы қолға алынды. Ол үш жылдық жоспар. Ол үш жылдың ішінде аяқталып бітеді. Қытайдың үлкен коорпорациясы қолға алып отыр. Содан кейін Үшарал-Достық жолы, 184 км жол бюджеттен 42 млрд 200 млн теңге бөлініп отыр.

Жаман жол жамалса Алакөлдің айы оңынан туғалы тұр. Жағасында Қабанбай атын шалдырған Алакөлге аяғын батырғысы келетіндердің қарасы артып келеді. Мәселен, үш жыл бұрын 150 мыңдай турист келсе, былтыр бұл көрсеткіш 700 мыңға жетіп жығылған. Биыл одан да артып түсе ме деген осындағылардың үміті бар.

Қазір Алакөлде дауыл алдындағы тыныштық. Бірер аптадан кейін жұмыс жанданады. Кәсіпкерлер, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Біреулер, тіптен әлемдік стандартқа сай бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысын бастап кеткен. Бұрынғыдай емес, қалтаңыздың қалыңдығына қарай қалаған қызмет түрін ала ала аласыз. Бәсекелестіктің көбеюі баға саясатына да әсер еткендей. Қазір клиентті бір рет пайдаланып, ақшасын басып қалудың орнына, оның келер маусымда қайта келуіне жағдай жасаудың жайын көбісі ойлана бастағандай.

САЯТ МОЛДАХАНОВ, ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жаңадан ашылғандар ақшасын тез қайтарамыз деп ойлайды да бағасын көтереді. Ол дұрыс емес. Бағаны халықтың жағдайына қарай қойсаңыздар, сонда халық көп келіп демалады. Бағаны көтеріп керегі жоқ деп ойлаймын.

Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылында биыл су жаңа вокзал ашылды. Былтыр Үшаралда әуежайдың іске қосылғанын ескерсек, демаламын дейтіндерге, отандық туризмді қолдаймын дегендерге жағдай жасалған.

Оның үстіне үкімет ұшақ билеттеріне арнайы субсидия бөліп отыр. Биылға 311 млн теңге қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде